Accessibility links

Ресей Косово премьеріне қатысты хабарға пікір білдірді


Сербия мен оның одақтасы Ресей "серб тұтқындарының дене мүшелерін сату оқиғаларына Косово премьер-министрі Хашим Тачидің қатысы бар" деген хабарға байланысты пікір білдірді.

Еуропа кеңесі тергеушісі Дик Мартидің баяндамасына қарағанда, Косово бостандығы армиясының тұтқындары Албанияда өлтірілген. 1999 жылы аяқталған Косово соғысынан кейін ол тұтқындардың бүйректері қара базарда сатылған делінеді. "Косово премьер-министрі Хашим Тачи осы сауданың тасасында тұрған қылмыстық әлемнің басшысы болған" деген айыптар айтылды.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, Мәскеу бұл жаңа хабарға қатты алаңдайды. Ал Косово үкіметі "бұл баяндама Косово бостандығы армиясының беделіне нұқсан келтіруге бағытталған" деп атап көрсетті.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG