Accessibility links

"Уикиликс" басшысы кепіл ақшаға босатылуы мүмкін


Британия судьясы бүгін "Уикиликс" сайтының негізін қалаушы Джулиан Эссанджды кепіл ақшаға босату мәселесін қарайды. Құпия дипломатиялық мәліметтерді жариялау арқылы Вашингтонның шамына тиген Эссандж 200 мың фунт көлеміндегі кепіл ақшаға азат етілуі мүмкін.

39 жастағы Джулиан Эссанджды қыз зорлады деп айыптаған Швеция оның экстрадициялануын талап етіп отыр. Эссандж бұл айыпты жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG