Accessibility links

Бүгін – Желтоқсан оқиғасының күшпен басылған күні


Бүгін – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының күшпен басылған күні.

1986 жылы 16 желтоқсанда сол кездегі Қазақ ССР Компартиясы Орталық комитетінің пленумы өтіп, бірінші хатшы Дінмұхаммед Қонаев қызметтен алынып, оның орнына Геннадий Колбин тағайындалды.

Бұл шешімге қарсылықтарын білдірген қазақ жастары бейбіт жиын өткізді. Шеруді қарулы әскер күшпен таратып, соңы басып-жаныштауға ұласты.

Желтоқсан оқиғасына қатысқандар ақталған тұста 17 желтоқсан ресми түрде демократиялық жаңару күні деп аталды. Кейіннен 16-17 желтоқсан Қазақстан тәуелсіздігі күні ретінде аталды да, демократиялық жаңару күні күнтізбеден алынып тасталды.

Жылда осы күні Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен қоғамдастық өкілдері оқиға болған алаңға жиналып, құрбан болған желтоқсандықтарды еске алады.

Бүгін де ел Желтоқсан оқиғасы құрметіне тұрғызылған ескерткішке келіп, гүл шоқтарын қойып, құрбандар рухына бағыштап құран оқыды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қазір Республика алаңында Желтоқсан оқиғасын еске алу жиыны өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG