Accessibility links

Пхеньян Сеулге ескерту жасады


Солтүстік Корея «егер Оңтүстік Корея шекаралық аралда жоспарланған әскери жаттығуларын өткізсе, соққы береміз» деп ескертті.

Солтүстік Корея ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пхеньянның жазасы өткен айдағы шабуылдан да күштірек болады. Қараша айында Солтүстік Корея Оңтүстік Корея аралын атқылап, 4 адамды өлтірген болатын.

Сеулдің әскери жаттығулары 18-21 желтоқсанда өтеді деп жоспарланған. Жұма күні Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі Пхеньянның ескертуіне қарамастан, «жаттығулар жоспарға сәйкес өтеді» деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG