Молдова билік орындарының хабарлауынша, жікшілдік Днестр маңы аймағындағы сот Кишинев үшін тыңшылық жасады деп айыпталған журналисті 15 жылға түрмеге жапты. Молдова премьер-министрінің орынбасары Виктор Осиповтың айтуынша, сот үкімі желтоқсанның 16-да шыққан.
Эрнест Варданеан сатқындық жасады деген айыппен сәуір айында Тирасполь қаласында қамауға алынған болатын.
1990 жылдардың басында Молдовадан бөлініп шыққан Днестр маңы аймағын халықаралық қауымдастық мойындамаған.