Accessibility links

Қытай мен Пәкістан бірнеше келісімге қол қойды


Қытай мен Пәкістан 20 миллиард долларлық келісімдерге қол қойды. Бұл келісімдер Қытай премьер-министрі Уен Жиабаоның Исламабадқа сапары барысында жасалып отыр.

Пәкістан ақпарат министрінің мәлімдеуінше, екі ел энергетика, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және мәдениет саласындағы 13 келісім мен түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойған.

Сенбі күні кешке Уен Жиабао Пәкістан президенті Асиф Али Зардаримен кездеседі, бизнес ынтымақтастығы саммитіне қатысады және Исламабадтағы Қытай мәдени орталығын ашады. Ал жексенбі күні ол Пәкістан парламентінде сөз сөйлейді.
XS
SM
MD
LG