Accessibility links

Қытай Сеул мен Пхеньянды қақтығыстан аулақ болуға шақырды


Қытай Солтүстік және Оңтүстік Корея елдерінің қақтығысы аймақтық тұрақтылыққа әсер етуі мүмкін деп ескертті. Сенбі күні Қытай сыртқы істер министрлігі екі ел үкіметтерін теке-тірес туғызатын әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Жұма күні Пхеньян «егер Оңтүстік Корея шекаралық аралда жоспарланған әскери жаттығуларын өткізсе, соққы береміз» деп ескертті. Солтүстік Корея ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пхеньянның жазасы өткен айдағы шабуылдан да күштірек болады. Қараша айында Солтүстік Корея Оңтүстік Корея аралын атқылап, 4 адамды өлтірген болатын.

Сеулдің әскери жаттығулары 18-21 желтоқсанда өтеді деп жоспарланған. Оңтүстік Корея Пхеньянның ескертуіне қарамастан, «жаттығулар жоспарға сәйкес өтеді» деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG