Accessibility links

Голландияда Батыс Еуропадағы ең үлкен мешіт ашылды


Нидерландының Роттердам қаласында Батыс Еуропадағы ең үлкен мешіт ашылды. Мешіт өкілі Абделразак Бутахердің айтуынша, мұнаралардың биіктігі - 50 метр, ал мешітке 3 мыңға жуық адам сияды. Сонымен қатар Бутахер жаңа мешіт қайырымдылық пен өзара түсіністік және кешірімділік орталығы болады деп үміттенетінін жеткізді.

Бұл мешіт 2005 жылы ашылуы тиіс болатын бірақ Нидерландыдағы бірнеше топтың қарсылықтарына байланысты оның құрылысы кейінге қалдырылған еді.
XS
SM
MD
LG