Accessibility links

Обама Ресеймен арадағы ядролық келісімді бекітуге шақырды


АҚШ президенті Барак Обама сенаторларды Ресеймен арадағы ядролық қаруларды азайту жөніндегі келісімді осы жылдың аяғына дейін бекітуге шақырып отыр. Бұл туралы Обама бүгін радиодан сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі жаңа келісімге АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведев сәуір айында Прагада қол қойған болатын.
XS
SM
MD
LG