Accessibility links

Еуропада қалың қар жол қатынасын қиындатты


Еуропаның бірқатар елдерінде қалың түскен қар әуе, тасжол және теміржол қатынасын бұзып отыр.

Лондон, Франкфурт және Париждегі әуежайларда жүздеген әуе рейстері кейінге қалдырылып, жолаушылар екінші күн әуежайда түнеуге мәжбүр болды.

Ұлыбританияда жүздеген адам көліктерімен солтүстік-батыс тас жолы жабылып, далада қалды. Италиядағы жағдай реттеліп, жол қиындықтары еңсерілді. Қалың қар оңтүстіктегі Алжирге дейін жауып, үлкен жолдар жабылып қалды.

Ауа-райын болжаушылар мұндай жағдай алдағы аптада да жалғасады деді.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG