Accessibility links

Белоруссия: Лукашенко президент сайлауында жеңіске жетті


Белоруссияның қазіргі президенті Александр Лукашенко президент сайлауында жеңіске жетті. Алдын ала мәліметтер бойынша Лукашенко сайлаушылардың 79,67 % дауысын жинаған.

Жексенбіде елде президент сайлауы өтті. Сайлаумен бірге жаппай наразылық акциялары да өткізілді. Оны тарқатпақ болған полиция жасағымен арада қақтығыс орын алды.

Нәтижесінде президенттікке үміткер төрт азамат ұсталды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Минскідегі наразылық шараларын ұйымдастырушыларға жаппай тәртіпсіздікке жол берді деген айып тағылған.
XS
SM
MD
LG