Accessibility links

Лукашенко жеңіске жеткен сайлаудан соң 7 үміткер қамауға алынды


Беларусь билігінің хабарлауынша, президент Александр Лукашенко сайлауда басым дауыспен жеңіске жетті.

Алайда дауыс берулерден соң полиция мен шерушілер арасында қақтығыс болып, оппозициялық кандидаттар қамалды. Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Лидия Ермошина бүгін таңертең сайлаудың ресми қорытындысын жариялады. Ол дауыс беруге тіркелгендердің 90 пайызы қатысты деді.

Бұл тұста оппозиция өкілдері Лукашенкомен қатар президенттік сайлауға түскен 10 үміткердің жетеуі қамауға алынғанын хабарлады. Олар жексенбі күні кешкісін Минскідегі Октябрь алаңындағы шеру кезіндегі қақтығыста ұсталған.

Ресей жетекшілік ететін ТМД елдерінің бақылаушылары Беларустегі президент сайлауын заңды өтті деп мәлімдеді. ЕҚЫҰ осы сайлауға 400 бақылаушысын жолдаған.
XS
SM
MD
LG