Accessibility links

«Уральская неделя» газеті мүліктік талаптан босатылды


«Уральская неделя» газеті мен журналист Лұқпан Ахмедьяров
«Теңізнефтестрой» компаниясына төлеуі тиіс 20 миллион теңгені төлеуден босатылады. Бұл туралы сөз бостандығын қорғайтын халықаралық «Әділ сөз» қоры хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, 20 желтоқсанда компания президенті «Уральская неделя» газетіне және журналист Лұқпан Ахмедьяровқа тағылған мүліктік талаптардан бас тартатыны туралы мәлімдемесіне қол қойған.

«Теңізнефтестройдың» сотқа шағымдануына Ахмедьяровтың «Уральская неделя» газетінде 2009 жылы 6 тамызда жарияланған «За ширмой тендера» атты мақаласы себеп болған. Онда тендер өтпей тұрып, компания «Жымпиты – Қаратөбе» газ құбырының орнында құрылыс жұмыстарын жүргізе бастағаны сөз болған.

«Уральская неделя» - Батыс Қазақстандағы апталық газет. 2001 жылдан бері шығады. Бұл - республикадағы құрылтайшылары редакция қызметкерлерінен тұратын жалғыз басылым.
XS
SM
MD
LG