Accessibility links

Кенияда аялдамадағы жарылыстан үш адам қаза болды


Кения астанасы Найробиде автобус аялдамасында болған жарылыстан кем дегенде 3 адам қаза болып, 20 шақты адам жарақаттанды.

Автобус көршілес Угандаға бара жатқан.

Ақпаратқа қарағанда, қаза болғандардың бірінің қолында жарылғыш зат салынған сумка болған.

Қызыл крестің мәлімдеуінше, жарақат алғандардың көпшілігі - Уганда азаматтары.
XS
SM
MD
LG