Accessibility links

Алматыдан ұшатын 16 халықаралық рейс кешігеді


«Air Astana» компаниясы Алматыдан ұшатын 16 рейстің кешігетінін хабарлады.

Компанияның бұқарамен байланыс жөніндегі менеджері Жанна Бадаубаеваның ҚазАқпаратқа хабарлауынша, рейстердің орташа кешігу уақыты бір сағаттан үш сағатқа дейін жалғаспақ.

Оның айтуынша, ұлттық әуе тасымалдаушы әуе қатынастарын реттеуге тырысып жатыр. Бүгін қолайсыз ауа-райынан Астана-Үрімжі бағытындағы рейс кешікті. Ұшақ Астанаға қайта оралуға мәжбүр болды. Үрімжі әуежайы да ауа-райының бұзылуына байланысты жабылған.
XS
SM
MD
LG