Accessibility links

ҰҚҚ алтыншы департаментінің бұрынғы басшысы сотталды


Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің алтыншы департаментінің бұрынғы басшысы Әділ Әбенов 12 жылға бас бостандығынан айрылды.

Қаржы полициясының арнайы өкілі Мұрат Жұманбайдің сөзінше, Әбеновке
бюджет қаржысын жымқырған және билікті асыра пайдаланған деген айып тағылған.

"Новости-Казахстана" агенттігінің хабарлауынша, Ақмола облыстық Әскери соты мұндай шешімді желтоқсанның 13-і күні шығарған.

Әбенов ҰҚҚ-нің бөлімшесіне әкімшілік ғимарат сатып алуға мемлекеттен бөлінген 1,5 миллиард теңге көлеміндегі қаржыны жымқырған.

Әділ Әбенов жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

ҰҚҚ алтыншы департаменті әскери-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады.
XS
SM
MD
LG