Accessibility links

Қытай Пхеньянды БҰҰ инспекторларын қабылдауға шақырды


Қытай  Корея түбегінде қиын жағдайды шешуге көмектесу үшін  Пхеньянды БҰҰ-ның ядролық инспекторларын қабылдауға шақырып отыр. 

Бұл туралы АҚШ өкілі Билл Ричардсонның Бейжіңге сапары барысында мәлім болды.  Оның алдында Ричардсон Солтүстік Корея ресми өкілдерімен кездесіп, Пхеньянның ядролық бағдарламасын талқылады. Ричардсонның айтуынша, Солтүстік Корея ресми өкілдері халықаралық инспекторларды қайта қабылдауға келіскен.
XS
SM
MD
LG