Ресей президенті Дмитрий Медведев Нью Делиге ресми сапарын бастап, Үндістан жетекшілерімен келіссөз өткізді. Екі жақ экономикалық ынтымақтастық саласындағы бірнеше келісімге қол қойды. Сонымен қатар Ресей мен Үндістан атом реакторын бірлесіп дамытпақ. Ресей мамандары Үндістанның оңтүстігіндегі атом электр стансасының құрылысына көмектесетін болды.
Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх Медведевпен өткізген баспасөз мәслихатында қол қойылған келісімдерді мадақтады.
"Біз бірнеше саланы қамтитын маңызды келісімдерге қол қойдық. Бұл екі жақтың ынтымақтастығын одан сайын нығайтуға бел буып отырғандығын көрсетеді", - деді Сингх.