Accessibility links

Кот-д’Ивуарға азаматтық соғыс қаупі төніп тұр


Сейсенбі күні БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Кот-д’Ивуар мемлекетінде қайтадан азаматтық соғыс басталып кету қаупі барын мәлімдеді. Ол дүниежүзілік қауымдастық мүшелерін осы елде соғыс отының тұтануына жол бермеуге шақырды.

Батыс Африкадағы Кот д'Ивуарда қарашаның соңында өткен президент сайлауынан кейін саяси жағдай ушығып кетті. Осы сайлауда өзара бәсекеге түскен ел президенті Лоран Гбагбо да, оппозиция лидері Алассан Уаттар да жеңіске жеткендерін мәлімдеп, әрқайсысы өзінің инаугурациясын өткізген еді.

Пан Ги Мун сайлауда жеңіліп қалған Лоран Гбагбоның осы елдегі БҰҰ бітімгершілік күштерін шығарып жатқандығын айтты.

БҰҰ Бас хатшысы халықаралық қауымдастықты сайлауда көпшіліктің дауысына ие болған Алассан Уаттардың жеңісін мойындауға шақырды.
XS
SM
MD
LG