Accessibility links

Қазақстандық адвокатты қорғау комитеті құрылды


Қазақстанда белгілі адвокат Сергей Уткинді қорғау комиеті құрылды. Бұл туралы бүгін Алматыда бір топ қоғам белсенділері мәлімдеді.

Олар көптеген азаматтарға көмек беріп, тәуелісіз басылымдардың қорғаушсы атанған Уткинге билік қысым жасап жатыр дейді.

Қазір Алматы әкімшілік соты адвокатқа қатысты қалалық салық департаментінің шағым-арызын қарап жатыр. Салық органы, адвокат Уткин соңғы бес жылда құқықтық кеңес беріп, тапқан қаржыдан шамамен 5 миллион теңгеге жуық баж салығын төлемегендігін айтады. Сот олардың уәжімен келіскен жағдайда адвокат түрмеге жабылуы мүмкін.

Алайда, Уткин өзінің «кеңес емес, заңгерлік қызмет көрсеткендігін, ал ол үшін тапқан табыстың салығы толығымен төленгендігін» дәледемек.

Осы іске қатысты өткен екі бірдей сот отырысында адвокаттың құқықтық кеңес бергендігін дәлелдейтін бір де бір айғақ жоқ, дейді жаңадан құрылған комитет мүшелері. Олар бұл іс сотқа тартылған тәуелсіз басылымдарға белсенді көмектесіп келе жатқан адвокатқа жасалып жатқан қысым деп бағалайды.

Соттың шешімі желтоқсан айының 28-іне белгіленіп отыр.
XS
SM
MD
LG