НАТО жетекшілігіндегі күштер мен Талибан бүлішілері арасындағы қақтығыста 5 қарапайым азамат қаза тапты. Бұл туралы сәрсенбі күні Ауғанстандағы Хелманд өлкесі әкімінің баспасөз хатшысы Дауд Ахмади хабарлады. Оның айтуынша, сейсенбі күні Сангин ауданындағы шайқас барысында 3 әйел мен 2 бала мерт болған. Сонымен қатар күдікке ілінген 7 Талибан жауынгері өлтірілген.
НАТО Сангиндегі оқиғаны зерттеп жатқандығын мәлімдеді.
НАТО Сангиндегі оқиғаны зерттеп жатқандығын мәлімдеді.