Accessibility links

Ресей Британияның әрекетін негізсіз деп атады


Мәскеу Британияның тыңшы деп айыпталған ресейлік дипломатты елден шығаруын айыптап отыр. Ресей сыртқы істер министрлігі бұл әрекетті негізсіз деп атады. Министрліктің мәлімдеуінше, Лондон Ресей дипломатын елден шығарған соң, оған жауап ретінде Мәскеу де Британия елшілігіндегі ағылшын дипломатын шығаруға мәжбүр болған.

Британия мен Ресей қарым-қатынастары 2006 жылы бұрынғы ресейлік агент Александр Литвиненконың өлімінен кейін шиеленісе түскен болатын. Ресей Лондонда Литвиненконы уландыруға қатысы бар деп айыпталған бұрынғы КГБ агенті Андрей Луговойды Британияға экстрадициялаудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG