Accessibility links

Назарбаевтың президенттік өкілеттігін ұзарту туралы ұсыныс айтылды


Шығыс Қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін 2020 жылдың аяғына дейін ұзартуды ұсынып отыр. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Бейсенбі күні Өскеменде Қазақстан аймақтарының жиыны кезінде 7 адамнан тұратын бастамашыл топ қазіргі президенттің өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзартуға қатысты референдум өткізуді ұсынды.

Олардың ішінде Семей мемлекеттік университетінің профессоры, орыс мәдени орталығының жетекшісі Михаил Панин, Шығыс Қазақстандағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысы Владимир Акулов, Ембі металллургия зауыты басшыларының бірі Геннадий Бергедин және тағы басқалары бар.

Жиынға Қазақстанның барлық облыстарынан 850 делегат қатысқан.
XS
SM
MD
LG