Ресейдегі оппозициялық тұлғалар премьер-министр Владимир Путинді жала жапқаны үшін сотқа беріп отыр. Премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Борис Немцовтың айтуынша, Путин оппозициялық тұлғаларды қуғындағы олигарх Борис Березовскиймен бірге Ресейден миллиардтаған доллар ұрлады деп айыптаған. "Бұл өтірік және жала жабу" деді Немцов.
Премьер-министрдің баспасөз хатшысы сот ісі жөнінде пікір білдіруден бас тартты. Путин желтоқсанның 16-сында халықпен өткізген тікелей эфирінде "Немцов сияқты оппозициялық саясаткерлерді тек билік пен ақша ғана қызықтырады" деген еді.