Accessibility links

Израиль Газаға әуеден соққы берді


Израиль әскери ұшақтары Газа секторының 4 жерін атқылап, кемінде 2 адамды жаралады. Хамас басшылығындағы медициналық қызмет баспасөз хатшысы Адхам Абу Селмиянің айтуынша, жарақат алғандар қарапайым азаматтар. Алайда куәгерлер олар жауынгерлер болатын дейді.

Жарылыстан аймақтағы электр стансасы бұзылып, сол жердегі халық электр жарығысыз қалып отыр. Сонымен қатар Мысырмен арадағы шекарада контрабандалық заттар тасымалданатын туннелдерге әуеден соққы берілді.

Оның алдында жұма күні жауынгерлер Израилге зымыран атқан болатын.
XS
SM
MD
LG