Accessibility links

Сот Ходорковский мен Лебедевке үкім шығара бастады


Мәскеудің Хамовническ соты ЮКОС компаниясының бұрынғы иелері Михаил Ходорковский мен Платон Лебедевті «мұнай ұрлады» деп тапты.

Дүйсенбі күні олардың екінші қылмыстық ісі бойынша сот үкімін оқу басталды.

Айыпталушылар қылмыстық істің бір сәті бойынша ғана ақталды.

Азаттық радиосының Мәскеудегі тілшісінің хабарлауынша, милиция Ходорковский мен Лебедевті қорғау үшін өткізілген митингіге қатысушы 11 адамды ұстады. Таңертең сот маңына 1 мыңнан астам адам жиналды. Олар плакаттар көтеріп, сотталушыларды қолдайтын үндеулерін айтып тұрды.

«Салық төлеуден жалтарды» деген айып бойынша 2003 жылдан бері түрмеде жазаларын өтеп жатқан Ходорковский мен Лебедевке енді «орасан зор көлемде мұнай ұрлады» деген айып тағылып отыр. Прокуратура әрқайсысына 14 жыл кесуді талап етеді.

Сот үкімін оқу бірнеше күнге жалғасуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG