Accessibility links

Жамбыл облысында жаңа су электр стансасы іске қосылды


Жамбыл облысы Мерке ауданында ГЭС-3 су электр стансасы іске қосылды деп хабарлайды Қазақпарат.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Мерке ГЭС-3 іске қосылуы аймақтағы тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз етумен бірге атмосфераға бу газдарының таралуын да азайтады.

Мерке өзеніндегі құрылыс жобасының құны 257 миллион теңге тұратын ГЭС-3 нысанын «Ремкомстрой» компаниясы жеке қаржысына салғызды.

Стансаның өндіріс қуаты 1,5 мегаватты құрайды. Болжам бойынша, жаңа станса жылына 6,5 миллион кВт/сағат электр қуатын өндіретін болады.
XS
SM
MD
LG