Accessibility links

Қазақстанда 2011 жылдың шілдесінен Еуро-3 енгізіледі


Қазақстан үкіметі 2011 жылдың шілдесінен бастап елде Еуро-3 экологиялық стандартын енгізуді бекітті. Бұл туралы бүгін ресми басылымдарда жарияланды.

Қаулыны үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 2010 жылдың 27 желтоқсанында мақұлдады. Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Бұдан бұрын республика аумағына әкелетін көліктерді Еуро-3 стандартына сәйкестендіру талабын 2011 жылдың 1 қаңтарында енгізу жоспарланған еді.
XS
SM
MD
LG