Accessibility links

Соғым сою немесе қуырдақ…


Үш күн демалысымды пайдаланып ауылға барғам. Негізі соғым сою туралы жазайын дегем постты. Бірақ соғым союдың бас жағын суретке түсіре алмай қалдым. "Екі соғым соямыз" деген соң, "екіншісінде түсірем ғой" деп қуырдақ дайындауға көмектесіп кетсем, екі малдары келмей қалып, түсіре алмай қалдым.

Қысқаша түсініктеме: соғым - қазақтардың қыс мезгіліне дайындап, борланған малды қысқа азық ретінде сойып алатын үлкен мал еті. Қызық, негізі, қазақтарды қасқырдан ары дейді ғой. Қазақтар, негізі, етті көп жейді ғой.

Сонымен соғым сойылған кезде бізде міндетті түрде қуырдақ жасайды, бұл қуырдақ басқа кезде жасайтын қуырдақтан дәмі өзгерек болады. Маған солай көрінеді.

Себебі бұл қуырдақтың ерекшелігі - мұнда етті мясорубкадан өткізеді және бұл қуырдақ көп майлы болмайды. Негізі қуырдаққа жұмсақ еттері мен жүрегін, картошка (соломка ғып турап аласыз) мен пияз қосамыз. Етті мясорубкага өтетіндей дайындап аламыз.

Міне, соңында осындай дәмді тамақ болады. Осы қуырдақты басқа барлық тамақтардан жоғары қоям. Себебі бұл қуырдақ тек соғым сойылғанда да ғана осылай дәмді болады.

Iшек-қарын тұздайтын тұзға бір килограмм сарымсақ қосылады. Қазы айналдыруға да осылай дайындайды. Қазір біздің жақта көбіне сиыр малының ішегіне де ет, май қосып тұздап қазы сияқты етіп шұжық жасайды сүреленген кезде сондай дәмді болады қазыдан бір кем түспейді. Содан соң бүйенге де солай жасауға болады.

Негізі соғым сойған кезде көп қысқы азықты дайындап алуға болады:

1. Қанды шұжық (малдың ішіндегі қаннан). Қанға етті мясорубкадан өткізіп алып картошканы кішкене кубиктер мен турап алып ішекке салып байлайды. Піскен кезде дәмі ерекше болады. Бірақ ұзақ сақталмайды.

2. Алдында жазып кеткен сарымсақты шұжықтар. Бұлар енді ұзақ сақтауға арнайы жасалады. Көбіне көктемде ет біткен соң бастайды.

3. Бас және тұяқтарын үйтіп алған соң ұзақ пісіріп, сорпасына етті ұсақтап турап, аздап сарымсақ+сәбіз қосып холодес жасайды.

4. Бауырдан да неше түрлі котлет және басқада дүниелер жасайды.

Негізі, мен көп нәрсені біле бермеймін, аздап білсем де сіздермен бөлісейін дегенім ғой

Сонымен сөз соңы: Соғымдарыңыз шүйгін болсын!

Жүктеген адам: Айкона
XS
SM
MD
LG