Accessibility links

«Әділет» партиясы референдум туралы бастаманы қолдады


Қазақстандық «Әділет» демократиялық партиясы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзартуға байланысты референдум өткізу туралы бастаманы қолдады. Бұл туралы партия жетекшісі Мақсұт Нәрікбаев бүгін Астанада өткен баспасөз жиынында айтты.

«Бұл ұсыныстың қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуы үшін ешқандай шектеулер жоқ», - деп атап көрсетті партия жетекшісі.

Дүйсенбі күні Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін 2020 жылдың аяғына дейін ұзарту бойынша республикалық референдум өткізу туралы бастамашыл топтың арызын тіркеді.
XS
SM
MD
LG