Accessibility links

АҚШ пен Германия Ходорковскийдің айыпты деп табылғанын сынады


АҚШ пен Германия Кремльдің сыншысы Михаил Ходорковскийдің айыпты деп табылғанын сынап отыр. Бұрынғы "Юкос" компаниясының басшысы Михаил Ходорковский екінші қылмыстық іс бойынша айыпты деп танылды. Атап айтқанда, дүйсенбі күні оған "орасан зор көлемде мұнай ұрлады" деген айыптар тағылды.

Ходорковский «салық төлеуден жалтарды» деген айыппен 2003 жылдан бері түрмеде. Прокурорлар Ходорковский мен оның кәсіпкерлік әріптесі Платон Лебедевті тағы 6 жылға қамауды көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG