Accessibility links

Путин әуежайдағы ахуалға байланысты министрлерді сынады


Ресей премьер-министрі Владимир Путин Мәскеу әуежайларына жауапты министрлердің жаңа жыл мерекесі күндері демалуына тыйым салды. Путин бүгін үкімет отырысында министрлерге сөгіс жариялады.

Бұған дейін Ресей президенті Дмитрий Медведев прокурорлардан Мәскеу әуежайындағы жұмыстарды қайта тексеруді сұраған. Соңғы күндері ауа-райының бұзылуына байланысты Домодедово мен Шереметьево әуежайларындағы 200-ден астам рейс тоқтап қалып, жүздеген жолаушы терминалда наразылық шараларын өткізген еді.

Сейсенбі күні Мәскеудің көлік прокуроры Евгений Поспелов "билік орындары жолаушылардың құқықтарын қорғау үшін тергеу ісін бастады" деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG