Accessibility links

Афинада сот ғимаратының алдында жарылыс болды


Бүгін Афинада сот ғимаратының алдында жарылыс болды.

Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ. Полиция адамдарды дер кезінде қауіпсіз аймаққа көшіріп үлгерген.

Жарылғыш зат ғимарат жанында қалдырылған мотоциклде болған. Жарылысқа 45 минут қалғанда белгісіз біреу журналистерге телефон арқылы хабар берген.

Грекия полициясы бұл жарылысқа солшыл радикалдардың қатысы бар дегенді айтып отыр.
XS
SM
MD
LG