Accessibility links

Референдумды қолдаушылар 300 мың адамның қолын жинағандарын мәлімдеді


«Қазақстан президентінің өкілетін 2020 жылдың соңына шейін ұзартуды қолдайтын бастамашы топ 27 желтоқсаннан бері 300 мыңнан астам адамның қолын жинады» деп мәлімдеді топ жетекшісі, Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

Оның айтуынша, қолдаушылардың көбі – Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан. «Әу баста 10-11 қаңтарға дейін жинаймыз деп шешкенбіз. Бастамашы топтың мақсаты – 2 миллионнан астам адамның қолын жинау» деді Е.Сыдықов.

Бастамашы топ бұған дейін референдум 2011 жылдың наурызында өтуі мүмкін дегенді айтқан болатын. Ал кезекті президент сайлауының өтуге тиіс мерзімі - 2012 жыл.
XS
SM
MD
LG