Accessibility links

Сот «Юкос» ісіне байланысты айыптаушы тараптың айғағын заңды деп таныды


Азаттық радиосы тілшісінің хабарлауынша, сот Михаил Ходорковский мен Платон Лебедевтің екінші қылмыстық ісіне байланысты айыптаушы тараптың айғағын заңды деп тапты.

Бұл туралы «Юкостың» бұрынғы басшыларына байланысты үкім төрт күннен бері оқылып жатқан Мәскеудің Хамовническ сотында судья Виктор Данилкин мәлімдеді. Ол бұған дейін Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Михаил Касьянов пен Орталық банк басшысы Виктор Геращенконың айыпталушыларға жақтасатын пікірлерін дәлелсіз деген болатын.

27 желтоқсанда Ходорковский мен Лебедевті мұнай ұрлығына қатыстары бар және көлденең табыстарды заңдастырды деген баптар бойынша айыпты деп танылған еді.

XS
SM
MD
LG