Accessibility links

Ирақта христиандардың үйіне шабуыл жасалды


Ирақ ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Бағдадта христиандардың үйлеріне жасалған бомбалық шабуылдардан 2 адам қаза тауып, 16 адам жараланған.

Полицияның мәліметінше, бүлікшілер Бағдадтың оңтүстік-батысында христиан отбасының үйіне жарылғыш зат лақтырып, 2 адамды өлтірген. Ирақ астанасының басқа да аймақтарында бірнеше жарылыс болды. Ресми өкілдердің айтуынша, бұл шабуылдардың мақсаты Жаңа жыл мерекесіне кедергі жасау болуы мүмкін.

Бағдадтағы шабуылдарға байланысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады.

AzattyqTV

Авдеевкадағы соғыс

Украина майданы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG