Accessibility links

Ресей өрт шыққан "Ту-154Б" ұшағын қолданбауға шақырды


Ресейдің көлік агенттігі 3 адамның өліміне әкелген ұшақ апатына не себеп болғаны анықталғанша, елдегі әуежолы компанияларына "Ту-154Б" ұшақтарын пайдаланбауды тапсырды.

"Ространснадзор" агенттігінің өкілі хабарлағандай, әуекомпаниялары бұл бұйрықты орындауы керек.

Ресейде қанша "Ту-154Б" ұшағы қолданыста екені әзірге беймәлім. Бұл ұшақ 1970 жылдардан бері келе жатқан "Ту-154" ұшағының бір варианты болып табылады.

Сенбі күні Сібірдегі Сургут әуежайынан Мәскеуге ұшпақшы болған 130 жолаушысы бар ұшақ өртке оранып, 3 адам қаза тауып, 43-і жараланған болатын.

AzattyqTV

АҚШ-ты көру арманы

Ағылшын тілін 72 жаста оқу

XS
SM
MD
LG