Accessibility links

АҚШ сенаторы Ауғанстанда тұрақты америкалық базалар қалдыруды ұсынды


АҚШ-тың әскери саясатына қатысты Республикалық партияның заңшығарушысы ел билігі Ауғанстанда тұрақты әскери базалар құру мәселесін қарағанын қалайтынын айтты.

Оңтүстік Каролинадан сайланған сенатор Линдсэй Грахам NBC телеарнасына берген сұқбатында, Ауғанстанда аздаған АҚШ әуебазасының болуы аймаққа тиімді болып, ауғандық қауіпсіздік күштерінің талибанмен күресіне дем беретін еді деді.

Ол АҚШ-тың Ауғанстанмен тұрақты байланысы болып, бұл елді террористерді қолына қайта бермегенін көргісі келетінін білдірді.

АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстандағы америкалық күштерді алдағы жылы шығарып, елдің қауіпсіздігін 2014 жылы ауғандық күштерге тапсырып кетуді жоспарлаған.
XS
SM
MD
LG