Accessibility links

Кремльдің оппоненті 15 күнге абақтыға жабылды


Ресейде белгілі оппозиция жетекшісі жаңа жыл қарсаңында наразылық шеруіне қатысқаны үшін 15 тәулікке абақтыға жабылды.

Борис Ельцин билігі кезінде премьер-министрдің орынбасары болған Борис Немцов Мәскеу орталығында рұқсат етілмеген шеру кезінде қамалған 68 адамның ішінде болды.

Олар биліктің рұқсаты берілген шерудің екінші жағында жиналған болатын. Немцов полицияның айтқанымен жүрмеді деп, 15 күнге түрмеге жабылып отыр.
XS
SM
MD
LG