Accessibility links

Қазақстанның басым бөлігінде күн суытты


Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, сейсенбі күні Павлодар облысында – 38, Шығыс Қазақстанда – 37, Солтүстік Қазақстанда – 31, Ақмола облысында – 26, Қарағанды облысында – 28, Алматы облысында – 22 градус аяз тіркелген.

Сол сияқты, Қостанай мен Ақтөбе облыстарында – 19, Жамбыл облысында – 12, Батыс Қазақстан облысында – 6, Атырау облысында – 5 градус суық болған. Таңғы сағат алты кезінде Астанада -32 градус аяз болса, Алматыда -11 градус суық болған.

Аяз бен боранға байланысты Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарындағы жолдарда автокөлік қозғалысы шектелді.
XS
SM
MD
LG