Accessibility links

Хьюман Райтс Уотч Грекияның жоспарын сынады


Хьюман Райтс Уотч құқық қорғау ұйымы Түркиямен шекаралас тұсына дуал орнатпақшы болып отырған Грекияны сынға алды.

Грек үкіметі ел аумағына келетін заңсыз мигранттар ағынына тосқауыл қою мақсатында Түркиямен арадағы шекарасына ұзындығы 12 жарым шақырым дуал тұрғызуды жоспарлап отыр.

Грекияның хабарлауынша, былтыр 128 мың адам шекарадан заңсыз өткен.
XS
SM
MD
LG