Accessibility links

АҚШ пен Еуроодақ Минскідегі ЕҚЫҰ кеңсесі жабылғанына қынжылыс білдірді


АҚШ пен Еуропа Одағы Беларусь билігінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минскідегі өкілдігі мандатын ұзартудан бас тартқанына қынжылыс білдірді.

Сейсенбі күні жарияланған АҚШ пен Еуроодақтың біріккен мәлімдемесінде, ЕҚЫҰ бақылаушылары Беларусь мемлекетінде желтоқсанда өткен президент сайлауына сыни баға бергені айтылған. ЕҚЫҰ Беларусь елінде демократиялық институттарды нығайтуға атсалыспақшы болды делінген мәлімдемеде.

Сонымен бірге, сөз еркіндігін қорғаушы бірқатар халықаралық ұйымдар ресми Минскіні желтоқсандағы президент сайлауынан кейін оппозиция өткізген акция кезінде тұтқындалған ондаған журналисті түрмеден босатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG