Accessibility links

АҚШ-та жаңадан сайланған Конгрестің сессиясы ашылады


АҚШ-тың жаңадан сайланған Конгресі сәрсенбі күні алғашқы сессиясын бастайды. Былтыр қараша айында өткен сайлаудың қорытындысы бойынша, Өкілдер палатасындағы көпшілік орын республикалық партия мүшелеріне тиді. Ал Сенатта демократтар сәл ғана басымдыққа ие болып отыр.

Өкілдер палатасының жаңа спикері болып республикалық партиядан Джон Бейнер сайлануы мүмкін. Ол бұған дейін берген уәдесінде қаңтардың 12-сі күні болатын палата отырысында денсаулық сақтау саласын реформалау жөніндегі заңның күшін жою туралы мәселені күн тәртібіне қоятындығын мәлімдеген болатын. Бұл заң былтыр президент Барак Обаманың бастамасы бойынша қабылданған.
XS
SM
MD
LG