Accessibility links

АҚШ Конгресі өкілдер палатасының жаңа спикері сайланды


АҚШ Конгресі сәрсенбі күні алғашқы сессиясында республикалық партиядан Джон Бейнерді Өкілдер палатасының спикері етіп сайлады. Сонымен бірге, Конгрестің жаңадан сайланған құрамы ант берді.

Былтыр қараша айында өткен сайлаудың қорытындысы бойынша, Өкілдер палатасындағы көпшілік орын республикалық партия мүшелеріне тиді. Ал Сенатта демократтар сәл ғана басымдыққа ие болып отыр.

Енді республикалық партия Конгресте соңғы екі жылда демократтардың пәрменімен қабылданған кейбір заңдардың күшін жоймақ ниетте.
XS
SM
MD
LG