Accessibility links

Польша елшісі АҚШ-ты беларусь диссиденттерін қолдауға шақырды


«Ассошейтед Пресс» агенттігіне берген сұқбатында Польшаның АҚШ-тағы елшісі Роберт Купецки демократиялық өзгерістер болуын қалайтын беларусь белсенділерінің күресін бір кездері Польшада коммунистік режимге қарсы күрескен «Солидарность» қозғалысына теңеді.

Елші Вашингтонды «қырғи-қабақ соғыс» кезінде поляк диссиденттеріне көмектескені сияқты, беларусь диссидентеріне жәрдем беруге шақырды.

Беларусь президенті Александр Лукашенконың саяси қарсыластарына қаржылай қолдау білдіру мақсатында Польшада ақпан айында донорлар конференциясы өтпекші.

Беларусь билігі желтоқсанда өткен президент сайлауынан кейін елдегі оппозицияға қарсы қысымды күшейтті. ЕҚЫҰ өкілдері, Еуропа Одағы және АҚШ Беларустегі сайлауды сынады. Беларусь үкіметі Минскідегі ЕҚЫҰ өкілдігінің мандатын ұзартудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG