Accessibility links

Сенат Назарбаевтың өкілетін ұзарту туралы Мәжілістің ұсынысын мақұлдады


Қазақстан парламенті Сенаты бүгінгі жалпы отырысында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін 2020-шы жылға дейін ұзартуға қатысты Конституцияға өзгеріс енгізу туралы Мәжілістің ұсынысын қолдады. Сонымен бірге Сенат парламенттің атынан Қазақстанның тұңғыш президентінен ел Конституциясына өзгерту енгізуді өтінген үндеу мәтінін мақұлдады.

Желтоқсанның 29-ы күні парламент Мәжілісі депутаттары президент Назарбаевтың атына үндеу жолдап, оның өкілетін ұзарту жөнінде Конституцияға тиісті өзгеріс енгізу туралы заңды қабылдауды сұраған болатын.
XS
SM
MD
LG