Орал қаласында бүгін таңертең сағат 11-де Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі маңындағы алаңға бірнеше адам шығып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзарту туралы референдум өткізуге өз қарсылықтарын білдірді. Бұл туралы оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады.
Олар кеуделеріне «Мен референдумға қарсымын», «Мен еркін және әділ сайлау өтуін қалаймын» деген жазуы бар қағаздар тағып, Абай атындағы алаңда сап түзеп тұрды.
Алаңға келген қалалық прокуратура өкілі әлгі адамдардың ісі заңға қайшы екендерін айтып, акцияны тоқтатып, тарауларын талап етті. Бұдан соң полиция қызметкерлері алаңда наразылық білдіріп тұрғандарды автобусқа күштеп мінгізіп, қалалық полиция басқармасына алып кетті. Акция бас-аяғы жиырма минуттай уақытқа созылды.
Алаңға наразылық білдіріп шығып, ұсталғандардың арасында «Уральская неделя» газетінің журналисі Лұқпан Ахмедияров пен «Надежда» газетінің тілшісі Санат Орыналиев бар.