Accessibility links

Иранда тыңшы деген күдікпен америкалық әйел ұсталды


Мемлекеттік басылымның хабарлауынша, Иран билік орындары тыңшы деген күдікпен америкалық әйелді қамауға алған. Армениядан Иранға бара жатқан 55 жастағы әйелден тыңшыларың жабдығы табылды делінеді. Басылым тұтқындалған әйелдің толық аты-жөнін айтпады. Билік орындары бұл хабарды әлі растаған жоқ.

2009 жылдың шілде айында Иранда үш америкалық азамат ұсталып, оларға тыңшы деген айып тағылған болатын. АҚШ бұл айыптарды жоққа шығарды. Қамауға алынғандардың біреуі қыркүйек айында азат етілді, ал қалған екеуіне қатысты сот алдағы айда басталуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG