Accessibility links

ЕуроОдақ Иранның шақыртуынан бас тартады


ЕуроОдақтың сыртқы саясат басшысы Кэтрин Эштонның мәлімдеуінше, Еуропа Одағы Иранның ядролық зауыттарын тексеру жөніндегі ұсынысынан бас тартады. Эштонның айтуынша, мұндай тексерулерді Еуропа Одағы емес Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік жасауы тиіс. Бұл туралы ол бүгін Будапештте мәлімдеді. Эштон Венгрия сыртқы істер министрімен кездесіп жатқан болатын.

Осы аптаның басында Иран халықаралық инспекторларды өзіндегі ядролық нысандарды тексеруге шақырған болатын.

Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді. Теһран бұл айыптарды жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG