Accessibility links

Семейде бірнеше аудан жылу мен жарықсыз қалған


Семей қаласының тең жартысы жылу мен жарықсыз қалып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, осыдан бірнеше күн бұрын қалалық 1-ші жылу электр орталығының бірнеше қазандығы істен шыққан. Кейіннен электр қуатының шамадан тыс пайдаланылуының салдарынан Семейдің бірнеше ауданы жарықсыз қалған.

Азаттық тілшісінің мәліметінше, тұрғындар пәтерлерінен кетіп, таныстарының үйін паналауға мәжбүр екендіктерін айтады.
XS
SM
MD
LG